Тұран 50/4
«Қарлығаш» балабақшасы
Тұран даңғылындағы шағын жекеменшік балабақша. Тәрбие мен оқу — қазақ тілінде.
- 30 орын
- Дс–Жм · 8:00–18:30
- Мемлекеттік тапсырыс бар
- Оқыту тілі: қазақ
Біз туралы
Неге «Қарлығаш»?
- Мемлекеттік тапсырыс Кезекпен тегін орын аласыз.
- Қазақ тілінде Тәрбие мен оқу — ана тілінде.
- Шағын топтар Әр топта 15 бала, 3–5 жас.
- Үйірмелер Логопед, ағылшын тілі, шахмат — бағасына кіреді.
- Тамақтану Күніне 5 рет. Мәзір — сайтта күн сайын.
- Жұмыс уақыты Дс–Жм · 8:00–18:30.
Қабылдау
Қалай түсуге болады?
- 1Кезекке тұрыңыз
egov.kz-те өтініш беріңіз, 4 балабақшаға дейін таңдайсыз.Бала 6 жасқа толмаған болуы керек.
- 2Жыл сайын растаңыз
11 айдан соң хабарлама келеді.Растамасаңыз, кезектен шығып қаласыз.
- 3Орынға келісіңіз
Бос орын шыққанда хабарлама келеді.Жауап беруге 2 күн бар.
- 4Құжат тапсырыңыз
Жолдама 5 жұмыс күні жарамды.Құжаттарды порталда жүктейсіз.
- 5Шартқа қол қойыңыз
Біз 1 жұмыс күнінде тексереміз.Қол қою — SMS, ЭЦҚ немесе QR арқылы.
- 6Ай сайын төлейсіз
Айына 90 000 ₸ — тамақ және қосымша сабақтар (ағылшын, шахмат, логопед).Айдың 10-на дейін.
Құжаттар
- Өтініш (электронды түрде)
- № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы
- «Бала денсаулығы паспорты» (052-2/у нысаны)
- № 027/е нысанындағы анықтама
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электронды көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, болған жағдайда)
- Жеңілдікті санаттар үшін жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды)
- Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тартылады
Сұрақ болса — 1414, 8 800 080 7777. Негізі: № 254 бұйрық.
Экскурсия
Қарап шығыңыз
- 1 / 7
Қош келдіңіз!
Таңертең ата-ана баланы әкеледі. Біз есік алдында қарсы аламыз.
- 2 / 7
Шешінетін жер
Әр баланың өз шкафы бар. Киімін өзі шешіп іледі.
- 3 / 7
Бірінші топ
Ойын уақыты: кубиктер, доп, жаңа достар. Қабырғада — әліпби мен әлем картасы.
- 4 / 7
Екінші топ
Сабақ уақыты: сандар, әріптер, сурет. Тәрбиеші әр балаға көңіл бөледі.
- 5 / 7
Ұйқы бөлмесі
Түскі ас соң балалар осында тынығады. Оянған соң — батутқа!
- 6 / 7
Ас үй
Күніне 5 рет ыстық тамақ. Өзіміз дайындаймыз, бірге отырып жейміз.
- 7 / 7
Медбике бөлмесі
Медбике күн сайын балалардың денсаулығын қарайды.
Күн тәртібі
Балабақшадағы бір күн
- Балаларды қабылдау
- Таңғы ас
- Сабақтар мен дамытушы іс-әрекет
- Серуенге дайындық
- Серуен
- Оралу, гигиеналық шаралар
- Түскі ас
- Күндізгі ұйқы
- Ояну, гигиеналық шаралар, бесін ас
- Ойындар, дамытушы сабақтар, өз бетінше іс-әрекет
- Серуен
- Ойындар, қарым-қатынас, балалар үйге қайтады
Ұжым
Балаңыз — сенімді қолда
Біз үшін ең бастысы — бала балабақшаға қуанып келсін. Әр баланы танимыз, әрқайсысына уақыт табамыз.
Байланыс
Келіп көріңіз
Астана қаласы, Тұран даңғылы 50/4
«Бухар Жырау» тұрғын үй кешені, Астана Арена жанында
Дс–Жм · 8:00–18:30